Мен көрген Париж немесе бірнеше сағаттағы төрт "романтикалық" оқиға

Жалпы, алыс шетелді көру — маған біршама таңсық дүние. «Болашакер», я сыртқа жиі шығатын мажор емеспін. Алайда, наурыздың соңы-көкектің басында сәті түсіп, мен және 8 қыз-келіншек (ару, апа, апай, әже :d) Шенген алып, Еуропаға тарттық. Шенгенің болса, кем жерің болмайды екен, елден елге кіресің. Алмандардың орыстілді фирмасымен хабарласып, арнайы туржолдамамен Парижге де бардық.
Париж менің көңілімнен шықты, үмітімді ақтады. Алайда, мен бұл қалаға аса қатты талап қойып, үміт күтпегенімді айта кету керек. Жапондықтар бір синдромға ұшырайтын көрінеді. Француздар сондай бір романтикаға толы, ерекше халық деп санап келіп, бұ жақта олар сенімнен шықпағасын ауырып қалады екен. Париж де олар ойлағандай болмайды екен. Қу бас, қысық көз романтиктер-ай!
Блог - MERmukhanov: Мен көрген Париж немесе бірнеше сағаттағы төрт романтикалық оқиға
Мен көрген Париж — әдемі қала, орташа статистикалық еуропалық шаһар. Эйфель жақта да, басқа жерде де — қаптаған қара нәсілді көше сатушылары. Бірінен кәдесыйлар сатып алып жатып, "Қай жақтансың?" демеймін бе?
— Сенегалдан.
— Қазақстанды білесің бе?
— Білмеймін.
— Шын айтқаныңа рахмет.
Әрі қарай

Қол сындырудың ең тәуір әдісі

Мадридтің Реалы биылғы маусым алды матчтарының бірін Англияда өткізді. Борнмут — британдықтар үшін сирек, жағажайлы, курортты әсем қала. Нанға уылдырық жағып үйренген Жылы мекенге үйренген галактикос үшін тамаша орын секілді.
Жергілікті қала аттас клубпен ойын барысында Кришитану Роналду айып добын қақпадан қиыс теуіп, 11 жасар баланың қолын доппен сындырып қойды.
«Жауыз, жауыз! Месси болса, жас балаға әлімжеттік жасамас еді, айуан!» десті кей глорлар.
«Не деген шеберлік! Кейбіреулер атпалдай қақпаңа тигізе алмай жаптқанда, бұл қолға дәл тигізді» деп шықты өзгелері.
11 жасар жанкүйер Чарли Сильвервуд ойын соңына дейін шыдап, кейін барып дәрігерге қаралғанда, 2 жерден қолы сынғаны белгілі болды. "Қол кетпегенде, алдыңғы тіс кететін еді" деп шүкірлік қылды балақай. Айыбы үшін мадридтіктер қолтаңбалы жейдені баланың бағына байлап жіберді.
Көше жақта «Балалар, менің қолымды ең қымбат ойыншы сындырды» деп жүр енді бұл балғын.

Әрі қарай